2019 жылғы 15 қаңтарда Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Кеңес құрамымен және оның Аппаратының қызметкерлерімен жұмыс отырысын өткізді.
Іс-шара барысында Конституциялық Кеңестің 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес Конституциялық Кеңестің елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жылсайынғы жолдауының жобасын дайындау басталды.
Конституциялық Кеңестің жұмысында қолданыстағы заңнаманың елдің Негізгі Заңына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері басым болып табылады.
Конституциялық Кеңес Аппаратының бас консультанты, мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған М.Б. Асылбаевтың анты салтанатты түрде қабылданды.