
Негізгі Заң апталығы аясында 2020 жылғы 25 тамызда сағат 11.00- де «Жыр арқауы – Ата Заң» шығармалар жинағының, «Бала өрген Ата Заң» балалар суреттері мен эсселер жинағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасының онлайн-таныстырылым өтеді. Іс-шараны Республиканың Конституциялық Кеңесімен, Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалымен және «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды. «Жыр арқауы – Ата Заң» басылымында қазақстандық ақындардың Конституция мен ондағы құндылықтар туралы шығармалары жинақталған. Авторлар қатарында ұлы ақын Жамбыл Жабаев, сондай-ақ қазіргі заманның белгілі ақындары Оразақын Асқар, Серік Ақсұңқарұлы,
Нұрлан Мәукенұлы, Қадырбек Құныпияұлы, Әлия Дәулетбаева, Қалқаман Сарин және т.б. бар. «Бала өрген Ата Заң» балалар суреттерінің жинағына Конституциялық Кеңес пен Білім және ғылым министрлігі өткізген эссе байқауына және еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Республиканың Конституциясына арналған қашықтықтан өткізілетін республикалық интернет-суреттер конкурсына қатысқан оқушылардың жеке қолжазбалары мен суреттері енгізілген. Қонақтар ретінде елге танымал ақындар – жинақтың бірлескен авторлары, Білім және ғылым министрлігінің, «Қазпошта» АҚ, еліміздің балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері шақырылды. Презентацияға you-tube арнасы арқылы қатысуға болады:
https://youtu.be/eFK-T2bG74w . Тікелей көрсетілім Конституциялық Кеңестің сайтында қолжетімді болады.