ЖИНАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ПОШТА МАРКАСЫНЫҢ ОНЛАЙН-ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

ЖИНАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ПОШТА МАРКАСЫНЫҢ ОНЛАЙН-ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

2020 жылғы 25 тамызда Негізгі Заң апталығы шеңберінде «Жыр арқауы-Ата Заң» шығармалар жинағының, «Бала өрген Ата Заң» балалар суреттері мен эсселер жинағының онлайн–таныстырылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық почта маркасын айналымға енгізу рәсімі өтті.

Таныстырылымды аша отырып, Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Ә. Мәми Конституция елдің дамуында ерекше орын алатынын атап өтті. Ол уақыт сынағынан өтті және жалпы адамзаттық құндылықтарды бекітуге ықпал етті. Конституцияның жасампаз әлеуеті дарынды тұлғаларды қоғамның конституциялық мәдениетін арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылатын шығармашылық пен поэзияға ынталандырады.

«Жыр арқауы – Ата Заң» жинағында тұңғыш рет қазақстандық ақындардың Конституция мен ондағы құндылықтар туралы шығармалары жинақталған. Авторлар қатарында ұлы ақын Жамбыл Жабаев, сондай-ақ қазіргі заманның белгілі ақындары Оразақын Асқар, Серік Ақсұңқарұлы, Нұрлан Мәукенұлы, Қадырбек Құныпияұлы, Әлия Дәулетбаева, Қалқаман Сарин және т.б. бар.
Өз шығармаларында олар Негізгі Заңның жасампаз рөлін ашып, қазақстандықтарды бірлікке және конституциялық құндылықтарды қастерлеуге шақырады. Поэтикалық шығармалар азаматтардың патриоттық сезімдерін және Отанға деген құрметін оятуға бағытталған. Таныстырылым барысында ақындар - Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстан Жазушылар Одағы елордалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай сөз сөйледі.

«Бала өрген Ата Заң» балалар суреттері мен эсселер жинағына Конституциялық Кеңес пен Білім және ғылым министрлігі өткізген эссе байқауына және еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында республика Конституциясына арналған қашықтықтан өткізілетін республикалық интернет-сурет байқауына қатысқан оқушылардың жеке қолжазбалары мен суреттері кірді. Жас таланттар жақсы білім көрсетті және әр түрлі тиімді формалар арқылы еліміздің басты құқықтық құжатына өздерінің шығармашылық және креативті әдістерін көрсете отырып, өздерінің шынайы көзқарастарын білдірді. Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р. Шер өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін тәрбиелеудегі конкурстың маңызы туралы айтып берді. Нұр-Сұлтан қаласы №32 мектеп-гимназиясының 6«Ә» сынып оқушысы Қуаныш Аягөз оған қатысудан алған өз әсерлерімен бөлісті. Сөз сөйлегеннен кейін іс-шараға қатысушылар ленталар мен жинақтарды салтанатты түрде қиып, айналымға енді.

Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» тақырыбында «Естелік және мерейтойлық даталар» сериялы пошта маркасын басу рәсімі де өткізілді. Ол он маркадан тұратын маркалық парақ нысанында 4 бояудан офсеттік түрде басып шығарылған. Марканы басуды Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми және «Қазпочта» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Қ. Алпысбаев жүзеге асырды. Таныстырылым жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Оның тікелей көрсетілімі Конституциялық Кеңестің сайтында ұйымдастырылды. Іс-шараны Республиканың Конституциялық Кеңесі Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-сұлтан қаласындағы филиалымен және «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Жинақтар Конституциялық Кеңестің сайтында және еліміздің кітапханаларында қолжетімді болады.