«XXI ҒАСЫРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ – ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ, АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТИІМДІЛІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

«XXI ҒАСЫРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ – ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ, АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТИІМДІЛІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «XXI ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адам құндылығы және мемлекет тиімділігі» тақырыбында халықаралық онлайн конференция (Азиялық конституциялық соттар және баламалы институттар қауымдастығының
IV Конгресі) өтеді. Оның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары басшыларының, беделді халықаралық ұйымдар, шет елдердің конституциялық бақылау органдары өкілдерінің, сондай-ақ белгілі ғалым-құқықтанушылардың қатысуы көзделеді. Негізінен конституциялық әділет органдары өкілдерінен тұратын
әлемнің барлық континенттеріндегі жетекші заңгерлер одан әрі конституциялық-құқықтық дамудың өзекті мәселелерін, оның ішінде коронавирус пандемиясына байланысты мәселелерді талқылайтын болады. Халықаралық конференцияның трансляциясы You-tube арнасы арқылы келесі сілтемелер бойынша өтеді: орыс тілінде https://www.youtube.com/watch?v=LbQdjT3PZmw, ағылшын тілінде https://www.youtube.com/watch?v=-5FBjaVcp0Q. Тікелей трансляция Конституциялық Кеңестің сайтында қолжетімді болады. Басталуы сағат 11.00-де. Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +77019105808, +77716062435, +77019930680.