27 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған өз жұмысын аяқтады. Форум жұмысын Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми қорытындылады. Азиялық конституциялық соттар Қауымдастығының IV Конгресіне қатысушылар Нұр-Сұлтан декларациясын қабылдады. Азиялық конституциялық соттар Қауымдастығының мүшелері Конституция-мемлекеттің Негізгі Заңы екендігінде ойлары біртұтас. Жаһандық өзгерістер мен цифрлық қайта құру дәуірінде Конституцияның жоғары заңды күші мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, оның ережелерін қатаң сақтау, қоғамның конституциялық мәдениетінің деңгейін арттыру демократиялық жаңғырту жолына түскен кез-келген
мемлекеттің өркениетті және үдемелі дамуының міндетті шарты болып табылады. Олардың пікірінше, конституциялық бақылау органдары конституциялық құндылықтарды іске асыруда, дамытуда және қорғауда маңызды рөл атқарады. Олардың мақсаты-құқық үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен қоғамның демократиялық негіздерін қорғау. Әлемнің жетекші конституционалистері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялаған COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты қазіргі заманғы сын-қатерлер халықаралық және ұлттық құқықтық базаны олардың осы қауіптің алдын алу және жоюдағы тиімділігін арттыру тұрғысынан терең түсіну қажеттілігін дәлелдеді деп пайымдайды. Олар өз тарапынан осындай жағдайларда азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және міндеттерін іске асыру тетіктерін жетілдіруге және қоғамның қауіпсіз тыныс-тіршілігі жағдайларын қалыптастыруға жәрдемдесуге дайын.Ол үшін Қауымдастықтың барлық мүшелері
демократиялық қағидаттарға, адам құқықтарын қорғауға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге елеулі әсер ететін жаһандық сын-қатерлерге жауап іздеуде күш-жігерді біріктіру мақсатында халықаралық және өңірлік деңгейлерде ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін қолдайды. Форум қонақтары Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне Қауымдастықтың төртінші Конгресін табысты өткізгені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді және алдағы жыл ішінде Қазақстанның төрағалығының жалғасуын құптайды.