КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2020 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырып, өткізді. Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде атап өткендей, жиырма бес жыл ішінде маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де өзгерістер жүзеге асыруға тірек болған Негізгі Заңның нормалары өз өміршеңдігін көрсетті. Қолданыстағы Конституция оның әлеуетін және елде жүргізілген конституциялық реформаларды ескере отырып, елдің прогрессивті дамуына одан әрі де қызмет ете алады. Сонымен қатар, іс-шараға прокуратураның, соттардың және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.