
2020 жылғы 28 тамызда Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі М.
қ. Бадалиев «Қазақстан Республикасының Конституциясы – жасампаздық пен дамудың негізгі кепілі» атты тақырыптағы дөңгелек үстел жұмысына
қатысты. Іс-шараны Қарағанды қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Форумның жұмысына Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы, депутаттар, ҚХА, қалалық Қоғамдық Кеңес өкілдері, Қазыбек би және Октябрь аудандық соттарының төрағалары, , Қарағанды қаласының прокуроры, жоғары оқу орындарының ректорлары, тарихшылар, саясаттанушылар мен жастар қатысты. Іс-шарада М. Бадалиев "Қазақстан халқы-мемлекеттік билік көзі" тақырыбында баяндама жасады.