
А. Требков өз сөзінде айтулы оқиғамен – Азиялық конституциялық соттар мен баламалы институттар қауымдастығының IV Конгресімен (халықаралық конференциясымен) және Қазақстан Республикасы
Конституциясының 25 жылдығымен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе деп атап өтті. Осыдан он жыл бұрын құрылған Азиялық Конституциялық соттар мен балама институттар қауымдастығы Қауымдастыққа мүше он сегіз мемлекеттің аумағында Конституциялық юрисдикцияны нығайту және дамыту ісінде өте маңызды рөл атқарады. Осы жылдар ішінде ол толыққанды азаматтық қоғам құру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, демократия және құқық үстемдігі ісінде оның мүшелерінің күш-жігерін біріктіретін беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын – қазақстандықтардың басты және сүйікті мерекесін мерекелеу күндері өткізу Қауымдастықтың қазіргі IV Конгресіне ерекше мән береді. Қазіргі уақытта Қауымдастыққа төрағалық етуші Қазақстан Конституциялық Кеңесі Конгресті дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді, белгілі объективті қиындықтарды еңсеріп, оған
қатысушылардың қабылдау мен жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз етті. Мұның бәрі Қауымдастықтың IV Конгресі Конституциялық сот ісін жүргізу жүйесін одан әрі жаңғырту мен жетілдірудегі, конституциялық жүйенің беделін, тәуелсіздігі мен тиімділігін арттырудағы жаңа маңызды кезең болады деп есептеуге негіз береді. Азиялық Конституциялық соттар қауымдастығының және қауымдастыққа қатысушы мемлекеттердің, қоғамның, барлық азаматтардың мүдделеріне және Сіздің қауымдастығыңыздың Жарғысында белгіленген барлық игі мақсаттарға қызмет көрсететін баламалы институттар алдыңғы онжылдықтағыдай одан әрі де қызмет ете беретініне сенімдімін. Конгреске жемісті жұмыс, ал оның делегаттары мен қонақтарына мықты денсаулық, барлық істерде және бастамаларда табыс пен сәттілік, амандық пен бақыт тілеймін!