
Конституциялық Кеңестің Аппарат басшысы Б. Нұрмұханов және Конституциялык Кеңес Аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н. Тасбулатов 2-ші онлайн ғылыми конференцияның жұмысына қатысты. Аталған конференцияда Азиялық Конституциялық соттар мен балама институттар Қауымдастығына (ААКС) мүше мемлекеттерде сөз бостандығы құқығын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Онлайн ғылыми конференцияның ұйымдастырушы - Кореяның Конституциялық Соты қамтамасыз ететін ААКС Зерттеу және даму жөніндегі хатшылығы.