
2020 жылғы 8-9 қазанда Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссия (Венеция комиссиясы) мүшесінің орынбасары – Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак Еуропа Кеңесі
Венеция комиссиясының 124-ші онлайн жалпы сессиясының жұмысына қатысты. Жалпы сессияда Венеция комиссиясы Исландия мен Мальтада конституциялық реформаларды жүргізу, Грузия мен Украинаның сот
жүйесінің жұмыс істеуі, Түркия адвокаттар қауымдастығы, Косовода жиналыс бостандығы және Өзбекстанда діни сенім бостандығы мәселелері бойынша қорытындылар қабылдады. Референдумдардың басшылық қағидаттары және Еуропадағы сайлау заңнамасы мен сайлауды басқару туралы есеп қайта қаралды. Сонымен қатар, COVID-19 дағдарысы салдарынан ЕО-ға мүше мемлекеттерде қабылданған шаралар, түбегейлі конституциялық өзгерістерге бейбіт шақырулар үшін жауаптылық және сайлау дауларын реттеу туралы баяндамалар тыңдалды.