2020 жылғы 12 қазанда Конституциялық Кеңестің мүшесі А.Қ. Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссияның отырысына бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты. Комиссияда қылмыстық процесте адамның құқықтары мен бостандықтарының процессуалдық кепілдіктерін күшейту туралы ұсыныстар қаралды.