
2020 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Ә.А. Темірбеков Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Конституция ұлттық құқықты жаңғырту мен мемлекетті демократияландырудың негізі ретінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараны «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасы және құқық ғылыми-зерттеу институты онлайн режимде ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының атақты ғалымдары, мамандары, белгілі саяси қайраткерлері, ЖОО-ның докторанттары, магистранттары, студенттері, профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Форум аясында Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә.А. Темірбеков конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.