
2020 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі М. Бадалиев өзбек тілі күніне арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Форумды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен елорданың Өзбек этномәдени орталығы Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп онлайн режимде ұйымдастырды. Іс-шарада М. Бадалиев құттықтау сөз сөйледі.