
2020 жылғы 26 қазанда "Назарбаев моделі" - ХХІ ғасырдың талаптарына стратегиялық жауап" атты тақырыпта жас ғалымдардың халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Конституциялық Кеңес, АХҚО және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Абай атындағы ҚазақҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сорбонна-Қазақстан институты және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарымен серіктестікте онлайн- режимде ұйымдастырды. Пленарлық отырыста Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми құттықтау сөз сөйледі. Ол осы жылдар ішінде жас ғалымдар форумы мемлекеттік және қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылау бойынша беделді пікірталас алаңына айналғанын атап өтті. Биылғы форум маңызды тақырыпқа арналған және Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойы жылы өтуде. Қазіргі таңда, егемендік жарияланғаннан кейін отыз жыл өткен соң, біз Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесі болып табылатындығын және қалыптасқан мемлекеттіліктің барлық белгілеріне ие екенін мақтаныш сезімімен айта аламыз. Еліміздің осы жетістіктерге жетуіндегі шешуші рөл Республиканың Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа тиесілі. Халықтың еркі және құқығы бойынша ол Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы болып табылады, - деді спикер. "Covid-19 бекеті: құқықтық мәселелер" атты бірінші секцияны Конституциялық Кеңестің мүшесі В. А. Малиновский модерациялады. Ол
"Конституция және конституциялық құқық ғылымы: стратегия, сын- қатерлер мен шешімдер" атты тақырыпта баяндама жасады. Форум өз жұмысын ағымдағы жылғы 30 қазанға дейін жалғастыратын болады.