ҚАЗАҚ КСР-НЫҢ ПРОКУРОРЫ Ө.С. СЕИТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ

ҚАЗАҚ КСР-НЫҢ ПРОКУРОРЫ Ө.С. СЕИТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМ

2020 жылғы 6 қарашада Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы Б. Нұрмұханов онлайн режимінде Қазақ КСР-ның Прокуроры Өтеген Сейітовты еске алуға арналған криминологиялық форум жұмысына қатысты (Сейітовтік оқулар). Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды. Форумның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Конституциялық Кеңестің және Жоғарғы Соттың, құқық қорғау және арнайы органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысты. Форумда Б. Нұрмұханов «Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын конституциялық емес құқықтық актілерді қолданудан қорғау кепілдіктерін күшейту» атты тақырыпта баяндама жасады.