
Конституциялық Кеңестің мүшелері В. А. Малиновский, Ә. А. Темірбеков, У. Шапак және Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі Х. Ә. Әбішев көрнекті қазақстандық ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиевтың 90 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы және мемлекеттілік эволюциясының мәселелері: болашаққа көзқарас» атты тақырыптағы онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Форумды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық институты ұйымдастырды.
Форумның жұмысына ғалымдар, заң жоғары оқу орындарының оқытушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.