
2020 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі У.Шапак «Бейнемониторинг: дербес деректердің құпиялылығы мен қорғалуына байланысты тәуекелдерді құқықтық реттеу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми дөңгелек үстел жұмысына онлайн режимде қатысты.
Іс-шараны М.С. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» Университетінің Құқық жоғары мектебі ұйымдастырды.
Форумға мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, адам құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты.