
2020 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Р. Ж. Мұқашев «Цифрландыру және адвокатура: құқық үстемдігі, сот төрелігі және адам құқықтарын қорғау алдындағы жаңа сын- қатерлер» атты тақырыпта Қазақстан адвокаттарының V форумына қатысты.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен Республикалық адвокаттар алқасы және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Форумның жұмысына құқық қорғау органдарының, сот жүйелерінің, атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарының, академиялық топтардың өкілдері, жетекші халықаралық және ұлттық сарапшылар, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің адвокатура өкілдері қатысты.