
2020 жылғы 27 қарашада Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты
жиналыс өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми іс-шараны аша отырып, биыл республиканың Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы аясында өтіп жатқанын атады. Бұл құндылықтар бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімі ел тарихына алғаш жол салушы ретінде мәңгілікке енді, ол егеменді елдің қалыптасуы мен дамуы үшін зор жауапкершілікті өз мойнына алды. Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның мықты іргетасын қалады.
Салтанатты шара аясында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан бірқатар қоғам қайраткерлері мен қызметшілерге "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалін табыс етті.
Соңында Қ. Мәми барлығын келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.