«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЖАҺАНДЫҚ АУҚЫМДАҒЫ САЯСАТКЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

«НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ЖАҺАНДЫҚ АУҚЫМДАҒЫ САЯСАТКЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты тақырыпта халықаралық конференция өтті.
Форумды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Сыртқы істер министрлігі және «Хабар» АҚ ұйымдастырды.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми форумға қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстанның егемен мемлекет ретінде нақты қалыптасуы 1990 жылғы 24 сәуірден бастау алатынын атап өтті. Дәл осы күні республика Президенті лауазымы бекітіліп, оған Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
Барлық қиындықтарды еңсеріп, Тұңғыш Президент түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып, конституциялық заңдылықты сақтай отырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік өркендеуін қамтамасыз еткен бағытты жүргізе алды. Оған жаңаша тарих куә. Конституцияның әрбір реформасы қазақстандық қоғамның эволюциясымен тікелей байланысты, олар барынша негізді және дер кезінде жүргізілді.
Президенттік институттың және Елбасының ерекше стратегиялық рөлінің арқасында Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың танымал және
танылған мүшесіне айналды, деді Қ. Мәми.
Пленарлық отырыста сондай-ақ Парламент Сенатының Төрағасы М. Әшімбаев, Мемлекеттік Хатшы Қ. Көшербаев, БҰҰ экс-Бас хатшысы, жаһандық жасыл өсім институтының қазіргі президенті Пан Ги Мун, Түркияның экс-Президенті Гүл Абдуллах, Ұлыбританияның экс-Премьер- Министрі Тони Блэр, АҚШ-тың экс-Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс, ЕҚДБ-ның Бірінші Президенті Жак Аттали және басқалар сөз сөйледі.
Конференция жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, сондай-ақ беделді халықаралық
ұйымдардың өкілдері қатысты.