
2020 жылғы 11 желтоқсанда Республиканың Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи қазақстандық мемлекеттілігінің негізін қалаушы» тақырыбында онлайн халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Форумды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Конституциялық Кеңес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сорбонна-Қазақстан Институты және «Акселератор добра: Ізгілік елі» ұлттық еріктілер қозғалысы ұйымдастырды.
Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми өзінің құттықтау сөзінде 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы тікелей президент сайлауы өткенін атап өтті. Халықтың қалауымен Н.Ә. Назарбаев саясатты анықтау және оны барлық қазақстандықтардың атынан жүргізу құқығына ие болды.
Осы жылдар ішінде елімізде ауқымды реформалар іске асырылды, олардың нәтижесі жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің негіздерін қалыптастыру және нығайту болды. Тұңғыш Президент өзінің конституциялық мәртебесі мен жеке қасиеттерінің арқасында егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына шешуші үлес қосты, деп түйіндеді Қ.Мәми.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Төрағасы Қайрат Келімбетов, Әділет министрі Марат Бекетаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары Жансейіт Түймебаев, Халықаралық заңгерлер одағының Президенті Андрей Требков және басқалар форумның қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Форумға Конституциялық Кеңестің мүшесі Виктор Малиновский қатысып, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы – тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құндылығы» тақырыпта баяндама жасады.