
2020 жылғы 11-12 желтоқсанда құрамына Қазақстан Республикасынан Венециялық комиссия мүшесі, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атқарушы Директорының орынбасары И. И. Рогов және Қазақстан Республикасынан Венециялық комиссия мүшесінің орынбасары - Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак кірген қазақстандық делегациясы Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының 125-ші онлайн жалпы сессиясының жұмысына қатысты. Жалпы сессияда Венециялық комиссия Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы бойынша оның қорытындысына байланысты шараларды қарады. Комиссия Болгария, Қырғызстан, Молдова, Косово және Украинаның заңнамалық актілері бойынша қорытындыларды мақұлдады. Жалпы сессияның қорытындысы бойынша Комиссия жалпы сессиялардың 2021 жылға арналған кестесін бекітті.