
2020 жылғы 14 желтоқсанда Конституциялық Кеңесте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми іс-шараны аша отырып, жақын арада бүкіл ел Тәуелсіздік Күнін атап өтетіндігін айтты. Біздің әрқайсымыз үшін бұл оқиғаның тағдырлық мәні бар. 1991 жылғы 16 желтоқсан - жаңа егеменді Қазақстан Республикасының туған күні, сондай-ақ ата-бабаларымыздың тәуелсіз мемлекеттілік туралы көпғасырлық арманына қол жеткізу күні.
Осы сәттен бастап Қазақстан елдің Тұңғыш Президентінің басшылығымен мемлекеттілікті құру мен конституциялық эволюцияның күрделі әрі мазмұнды жолынан өтті. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы және құрметті мүшесі ретінде қалыптасты, өзінің алдына өршіл мақсаттар қойып, оларға дәйекті түрде қол жеткізуге қабілетті мемлекетке айналды, деді спикер.
Конституциялық Кеңестің ұсынысы бойынша бірқатар азаматтар конституциялық құндылықтарды іске асырудағы елеулі үлесі мен үлгілі қызметі үшін мемлекеттік наградалармен наградталды.
Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Конституциялық Сотының алғашқы төрағасы Мұрат Тәжі-Мұратұлы Баймаханов «Парасат» орденімен наградталды. Конституциялық Кеңестің мүшесі Асхат Дауылбаев II дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Оған награданы Мемлекет басшысы Ақорда резиденциясында тапсырды.
Қ. Мәми Кеңес аппаратының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды: «Ерен еңбегі үшін» медалі Айгүл Мұқышеваға және Республиканың Құрмет грамотасын Менсұлу Аманғалиеваға және Ұлттық олимпиадалық комитеті тексеру комиссиясының төрағасы Ұлан Сапарұлы Байжановқа «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды.
Қорытындылай келе, Конституциялық Кеңестің Төрағасы барлығын келе жатқан мерекелермен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.