
2020 жылғы 23 желтоқсанда Конституциялық Кеңес мүшелері Ә. Темірбеков пен У. Шапак көрнекті қазақстандық ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартайұлы Сартаевты еске алуға арналған «Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретінде дамуы: қазіргі жағдай, жаңа идеялар, құқықтық практика» тақырыбындағы онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
Форумды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараға ғалымдар, заң жоғары оқу орындарының оқытушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері де қатысты. Форум аясында Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.