2021 жылғы 28 мамырда Конституциялық Кеңестің мүшесі А.Қ. Дауылбаев бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.
Комиссия қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу мәселелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі қызметін функционалдық талдау нәтижелерін қарады.