
2020 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Е. Буркина «Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты, оның барысында мемлекеттік қызметке іріктеу және «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жүйелерін жетілдіру тәсілдері талқыланды.
Форумға Президент Әкімшілігінің, Астана мемлекеттік қызмет хабының, HR менеджерлер қауымдастығының, Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің басшылары қатысты.