
2020 жылғы 28 желтоқсанда Конституциялық Кеңесте ЕҚЫҰ/ДИАҚБ- тың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын бақылау жөніндегі шектеулі миссиясы басшысының орынбасары Мартина Баркер-Циганикова ханыммен кездесу өтті.
Миссияның мақсаты 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын ЕҚЫҰ міндеттемелерін, сондай-ақ демократиялық сайлауды өткізудің басқа да халықаралық міндеттемелері мен стандарттарын және ұлттық заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау болып табылады.
Кездесу барысында Конституциялық Кеңестің мүшесі А. Дауылбаев қонақтарды қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметімен және оның сайлау процесі шеңберіндегі рөлімен таныстырды.
Кездесуге Кеңес мүшесі И. Меркель және Аппарат басшысы Б. Нұрмұханов қатысты.
Өз кезегінде, Миссия басшысының орынбасары Қазақстандағы сайлау процесі мен Конституциялық Кеңестің қызметі туралы пайдалы ақпарат бергені үшін өз ризашылығын білдірді.