АКАДЕМИК С.З. ЗИМАНОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

АКАДЕМИК С.З. ЗИМАНОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2021 жылғы 19 ақпанда Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі С.З. Зимановтың 100 жылдығына арналған «Салық Зиманов: азамат, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысты.

Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және қалыптасып-дамуына Салық Зимановтың өзі мен шәкірттері атсалысқан Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойына арналған.

Форумның ашылу салтанатында У. Шапак қатысушыларға Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің құттықтау сөзін оқыды және «Салық Зимановтың конституциялық құндылықтар туралы көзқарастары» тақырыбында баяндама жасады.

Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар қатысты.