АКАДЕМИК С. ЗИМАНОВТЫҢ МҰРАСЫ

АКАДЕМИК С. ЗИМАНОВТЫҢ МҰРАСЫ

2021 жылғы 19 ақпанда «Салық Зиманұлы Зимановтың еңбектері – қазіргі дәуірдің саяси және құқықтық ойының қайнар көзі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті. Форумды М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің С. Зиманов атындағы Заң және экономикалық зерттеулер академиясы ұйымдастырды.

Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ. Мәмидің құттықтау сөзін жариялады. Онда атап өткендей, С.З. Зимановтың елімізде заң ғылымының дамуына сіңірген еңбегі зор, білікті заңгерлер даярлау саласын қалыптастыруға қосқан үлесі өлшеусіз. Саналы ғұмырын заңгерліктің қыр-сырын терең зерттеуге арнап, құқық саласының дамуына ықпал еткен ғалым саяси өмірге де тікелей қатысып, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттілігінің қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Академик С.З. Зимановтың мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны, тәуелсіз еліміздің алғашқы Конституциясын және басқа да маңызды заңдарды дайындаудағы еңбегі баға жетпес, деп атап өтті Қ. Мәми.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары, таяу және алыс шетелдердің ғылыми заң қоғамдастығының өкілдері қатысты.