
2021 жылғы 26 ақпанда «Конституциялық Кеңесте жалпы юрисдикция соттарының ұсыныстарын қарау» тақырыбында онлайн режимде халықаралық дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстелде Конституцияның 78-бабын іске асыру, соттың істе қолданылатын заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің конституциялылығын тексеру туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуі туралы прокурордың, адвокаттың және сот процесіне басқа да қатысушылардың өтінішхаттарын қарау мәселелері талқыланатын болады.
Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, адвокатураның өкілдері, құқықтанушы-ғалымдар, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы және Францияның, Кореяның және басқа да елдердің конституциялық бақылау органдарынан сарапшылар баяндама жасайды.
Форумды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі және Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы ұйымдастырады. Басталуы сағат 14.00-де. Іс-шараны: https://youtu.be/p92JpiFBRzU you-tube арнасы арқылы көруге болады.