КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕГІ «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ»

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕГІ «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР МАРАФОНЫ»

2021 жылғы 16 наурызда Конституциялық Кеңестің қызметкерлері «қайырымды істер марафоны» атты жалпыұлттық жобаға қатысты. Қайырымдылық марафоны Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіледі.

Аппарат қызметкерлері зейнеткер Сапура Әжібайқызы Басибекованың үйіне іргелес аумақты қардан тазалау бойынша көмек көрсетті, сондай-ақ оған азық-түлік себетін табыс етті.

Өз кезегінде, Сапура Әжібайқызы көрсетілген көмек пен қолдау үшін алғысын білдіріп, бұл оның туған күні мен алдағы Наурыз мерекесі қарсаңында нағыз сыйлық болғанын атап өтті.

Конституциялық Кеңестің ұжымы осы акцияны жалғастыруға ниетті. Мұқтаж науқастарға қан тапсыру, ағаш отырғызу, ардагерлерді құттықтау, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға қолдау көрсету, тегін заң көмегін көрсету және т.б. жоспарлануда.