
2021 жылғы 20 наурызда Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференция Бюросының 16-шы отырысы өтті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми Бюроның мүшесі болып табылады және онда Азиялық конституциялық соттар қауымдастығы мен Конституциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығының мүдделерін білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанның Конституциялық Кеңесі осы өңірлік ұйымдарға төрағалық етуде.
Бюро отырысында Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның 2022 жылы Индонезияда өтетін 5-ші Конгресін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сөз Конгресті өткізу тұжырымдамасын дайындау, баяндамашылар кандидатураларын ұсыну және қорытынды декларация жобасын әзірлеу туралы болды.
Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы Б. Нұрмұханов Бюро мүшелерін аталған Қауымдастықтарда Кеңестің төрағалық етуі шеңберінде қабылданып жатқан шаралары туралы хабардар етті.
Дүниежүзілік конференция өз құрамында 117 елдің конституциялық бақылау органдарын біріктіреді. 2013 жылы Конституциялық Кеңес оның толық мүшесі болып сайланды. Халықаралық құрылымның қызметіне қатысу тәжірибе алмасуға және адамның конституциялық құқықтарын қорғаудың қазіргі заманғы құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Отырысқа Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының, Бүкіләлемдік конференцияның басшылығы және конституциялық әділет органдарының өңірлік қауымдастықтарының жетекшілері қатысты.