СОТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСКЕ ЖҮГІНУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СОТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСКЕ ЖҮГІНУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 2 сәуірде онлайн режимде «Қылмыстық процестің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ұйымдастырды.

Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак «Соттардың заңдардың конституциялығын тексеру туралы ұсыныстармен Конституциялық Кеңеске жүгіну механизмін жетілдіру мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары, Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.