ГФР ФЕДЕРАЛДЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫМЕН КЕЗДЕСУ

ГФР ФЕДЕРАЛДЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫМЕН КЕЗДЕСУ

2021 жылғы 28 сәуірде Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелері онлайн форматта Германия Федералдық конституциялық сотының судьяларымен сараптамалық кездесу өткізді.

Конституциялық Кеңестің төрағасы Қ. Мәми неміс әріптестерін қазақстандық конституциялық бақылау органының тәжірибесімен таныстырды.

Конституциялық шағымдарды, соттардың өтініштерін қарау, сондай-ақ Германия Федералды Конституциялық сотының шешімдерін орындау мәселелері талқылау нысаны болды.

Германия Федералды Конституциялық сотының судьясы профессор Габриэль-Бритц Германияның аталған және басқа мәселелер бойынша тәжірибесі туралы айтып берді.

Қ. Мәми Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің де, Германияның Федералдық конституциялық сотының да басты мақсаты бүкіл ел аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, өткізілетін кездесулер әрқашан пікір, тәжірибе алмасу және конституциялық әділет саласындағы ортақ мәселелерді талқылау үшін нәтижелі диалог алаңы болып табылады.

Кездесу Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігінің өкілдері қатысты.