ГФР ФЕДЕРАЛДЫ ӘКІМШІЛІК СОТЫМЕН КЕЗДЕСУ

ГФР ФЕДЕРАЛДЫ ӘКІМШІЛІК СОТЫМЕН КЕЗДЕСУ

2021 жылғы 30 сәуірде Конституциялық Кеңестің мүшелері және оның Аппаратының қызметкерлері Германия Федералдық әкімшілік сотының судьяларымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Конституциялық Кеңестің мүшесі И. Меркель неміс судьяларын Кеңестің қызметімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстанда әкімшілік Әділет институтының енгізілетіндігі туралы хабардар етті. Ол өткен жылы Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданғанын атап өтті. Оны әзірлеу кезінде Еуропа елдерінің, соның ішінде осы салада үлкен әлеуеті бар Германияның тәжірибесі ескерілді.

Рейнланд - Пфальц Жер конституциялық және жоғарғы әкімшілік сотының төрағасы Ларс Брокер және осы соттың төрағалық етуші судьясы д-р Забине Вабнитц әкімшілік соттардың құзыреті, әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары, талап-арыздардың түрлері және Германияның осындай соттарының шешімдерінің орындалуы туралы айтып берді.

Тараптар әкімшілік соттар қызметінің өзекті мәселелері, олардың конституциялық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.

Кездесу Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігінің өкілдері қатысты.