
2021 жылғы 4 мамырда Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапак онлайн режимде «Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараны М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті ұйымдастырды.
Форум барысында дербес деректерді қорғау саласындағы шетелдік тәжірибе зерделенді және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау жөніндегі заңнамасына түзетулер талқыланды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми және азаматтық қоғамның өкілдері, адам құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, академиялық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.