
2021 жылдың 19 мамырында онлайн режимде ақын және жазушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтың мерейтойына арналған «Олжас Сүлейменов - ақын және азамат» атты тақырыптағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырды.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми өзінің құттықтау сөзінде Олжас Омарұлының біздің ұлы замандасымыз екенін атап өтті! Философиялық көзқарастың ақыны ретінде ол өмір бойы өз халқы мен мәдениетін дәріптеп, аңызға айналды. Ол біздің ата-бабаларымыз басқа халықтармен, мәдениеттермен, діндермен байланыстары тарихын жалпы адамзаттық жетістікке шығара білді.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, ақындар, жазушылар, суретшілер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ғылыми қоғамдастықтың сарапшылары мен қайраткерлері қатысты.