Конституциялық Сот соттардың және басқа да мемлекеттік органдардың шешімдерін қайта қарай ма?

Конституциялық Сот соттардың және басқа да мемлекеттік органдардың шешімдерін қайта қарай ма?

Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жолданым жасауға негіз болған нақты мән-жайларға, лауазымды адамдар мен судьялардың әрекеттеріне және (немесе) әрекетсіздігіне баға бермейді.
Конституциялық Сот барлық жағдайларда соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден тартынады.