
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Мәтін жобасы азаматтардың, қоғамдық және кәсіби ұйымдардың, саяси партиялар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді
Ата Заң жобасын таныстыру барысында Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституцияның жаңа редакциясында преамбуланы, 11 бөлімді және 104 бапты бекіту ұсынылатынын айтты.
Конституцияға «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілетінін айтты. Конституцияның төрт бөлімінің атауыөзгертіледі. Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар Ата Заңның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілді. Бұл Конституция мәтінінің 84%-ын құрайды.
«Ұсынылған өзгерістер – маңызды әрі ақылға мұқият салынған қадам, олар тұжырымдамалық тәсілдерді өзгертіп, құқықтық дәлдікті нығайтып, Конституцияның сапасын арттырады», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов
Оның айтуынша, жобаны білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған жұмыс топтарыжүргізген Мамандар Конституцияның нормаларын дұрыс жазу, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ түсініксіздіктерді болдырмау бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр. Құжатта Конституциялық комиссияның отырыстарында және жұмыс топтарының ішінде айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлер ескерілген.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының преамбуласын жалпыұлттық құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, жаңа редакцияда рәсімдеу ұсынылады. Онда Конституцияның қабылдануындағы іргелі мақсаттар, қағидаттар, құндылықтар мен уәждер айқындалады. Мемлекеттің миссиясы, тарихи контексті мен қоғамдық бағдарларды айқындайтын мәдени ерекшеліктері, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің даму бағыты көрініс табады.
«Жобада мемлекеттің мәртебесі анықталған – Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ретінде танылған», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов
Ол «Конституциялық құрылыс негіздері» бөлімінде мемлекеттің ұйымдастырылуын, Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және басқа да маңызды қағидаттарды бекітетін негізгі ережелер көрсетілетінін айтты
Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Конституцияның жаңа редакциясында билікті бөлу қағидаты туралы норма жаңаша тұжырымдалғанын және еліміздің қолданыстағы құқығы мәселелеріне арналған конституциялық ережелер нақтыланғанын атап өтті
Сонымен қатар, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режимді енгізу мүмкіндігі туралы жаңа ереже көзделген. Атап айтқанда, ол Республиканың тиімді экономикалық дамуы мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Алатау қаласын қамтитын болады
Бұл ретте, Бақыт Нұрмұханов ұсынылып отырған норманы Конституцияның негізгі ережелерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігін атап өтті. Аталған ережелерге сәйкес елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы тек қана конституциялық заңмен анықталады
«Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады», — деді ол
Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, қоғамдық бірлестіктердің қызметін реттейтін конституциялық нормалар нақтыланып, мемлекет пен діннің өзара іс-қимылы туралы нормалар жетілдіріліп жатыр
Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер бөліміндегі новеллалар адамның ең жоғары құндылығы қағидатына сүйене отырып, құқықтар мен бостандықтарды іске асыру және қорғау кепілдіктерін күшейтеді және толықтырады.
«Бұл өмір сүру құқығының абсолюттілігі, адамға бағдарлану, оның жеке басына тиіспеу, Миранда ережелері бекітілді. Цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау, тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, әлеуметтік құқықтар күшейтіледі» - деді Бақыт Нұрмұханов
Оның айтуынша, сөз бостандығы мен шығармашылық құқығы жаңа сипатқа ие болды, зияткерлік меншікті қорғау кепілдіктерімен оның жекелеген түрлері бөлінді. Бұл ретте неке мен отбасының құндылықтары, сондайақ қоршаған ортаны қорғау міндеті күшейтілетін болады.
Бақыт Нұрмұханов Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері сондай-ақ сот ісін жүргізу нысандарын қатарын кеңейту, сот төрелігі мен судьялар тәуелсіздігінің конституциялық қағидаттарын күшейтуге байланысты сот билігі мәселелері бойынша елеулі өзгерістер көзделген. Жеке бапта адвокатураның құқықтық мәртебесі бекітілетін болады.
Сонымен қатар, Президент бөлімінің ережелері: президенттік сайлау өткізу және ант беру мерзімдері, Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде Мемлекет басшысының өкілеттіктері бөлігінде тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралды. Бөлім сонымен қатар Вице-Президенттің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктеріне арналған жаңа мақаланы қамтиды.
Бір палаталы парламент моделіне көшу шеңберінде «Құрылтай бөліміне ауқымды түзетулер жобасы дайындалды. Атап айтқанда, одан екі палаталы Парламентке және оның осындай жүйедегі қызметіне қатысты ережелер алынып тасталады.
Заң шығару органының өкілеттіктеріне терең талдау жүргізілді. Құрылтайдың сессияларына және оның қызметін ұйымдастыруға қатысты баптардың барлығы дерлік жаңартылды. Заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің қатары артты.Құрылтай заң қабылдау арқылы реттелетін аса маңызды қоғамдық қатынастардың тізбесі кеңейді. Заң жобаларын қарау мен қабылдаудың рәсімдерін көздеген нормалар қайта пысықталды» - дейді Б.Нұрмұханов
Оның сөзіншежеке бөлімде республика азаматтары арасынан құрылатын Қазақстан Халық Кеңесі туралы ережелер шоғырланған. Бұл ретте жаңа жоғары консультативтік органның Қазақстан халқының мүдделерін білдіретіні және заң шығару бастамасы құқығына ие болатыны бекітіледі.
Жалпы алғанда, Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары атап өткендей, жобаның новеллалары Қазақстан конституциялық материясының негізін кеңінен қозғайды. Олар Ата Заңның келбетін, ішкі құрылымын түбегейлі өзгертеді және институционалдық, құрылымдық қайта түрлендірулер, түбегейлі мемлекеттік-құқықтық трансформациялар үшін зор әлеует қалайды.
Атап айтқанда, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау кепілдері елеулі түрде күшейтіледі.
Конституциялық жаңашылдықтар мемлекеттің миссиясын, оның функцияларын жаңаша түсінуге, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың қарым-қатынасы қағидаттарын анық айқындауға жол береді. Азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік маңызы бар міндеттерді шешу ісіне қатысу мүмкіндіктері кеңейеді Конституцияның мазмұны түбегейлі өзгеріп, жаңарады деп туралы айтуға болады», - деп сөзін түйіндеді Бақыт Нұрмұханов
Конституциялық комиссияның отырысы аяқталды. Эльвира Азимова Конституциялық комиссияның келесі отырысы 29 қаңтар күні өтетінін хабарлады. Комиссия мүшелері топтардағы жұмысқа кірісті.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия)