
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Құрметті отандастар!
Тәуелсіздік күні – Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен нығаюының символы, халықтың өз даму жолын дербес айқындауға деген еркін құқығының және ел болашағы үшін жауапкершілігінің айқын көрінісі. Тәуелсіздік адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құрудың берік негізіне айналды.
Халық бірлігі, Конституция мен заңдарды бұлжытпай сақтау, заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарына адалдық Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен орнықты дамуының шешуші факторлары болып қала береді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан құқықтық және институционалдық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, заңдылықты нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейтуге бағытталған.
Бүгінде Қазақстан Республикасы диалогқа, жауапкершілікке және қоғамдық келісімге негізделген әділетті мемлекет құру бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Тәуелсіздік алдағы уақытта да ұлттық бірлікті, қоғамдық тұрақтылықты және елдің орнықты дамуын нығайтудың сенімді тірегі бола берсін.
Барша халқына бейбітшілік, бақ-береке, тұрақтылық және ертеңгі күнге деген сенім тілейміз.