Құқық үстемдігі жөніндегі форумға қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту мәселелерін талқылады

Құқық үстемдігі жөніндегі форумға қатысушылар қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту мәселелерін талқылады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов «Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі: жаңғырту, заң және құқық қолдану» форумына қатысты.

Шара мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің, құқық қорғау құрылымдарының, азаматтық қоғам институттарының, ғылыми және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Қатысушылар қылмыстық-атқару заңнамасы мен құқық қолдану практикасының қазіргі жағдайын, оларды одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылады.

Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде конституциялық бақылау органының екі қорытынды шешімін атап өтті:

1) олардың бірі өмір бойына сотталғандардың жазаның алғашқы он жылында ұзақ мерзімді кездесуге құқығын шектейтін Қылмыстық-атқару кодексінің нормасын Конституцияға сәйкес емес деп тануға қатысты;

2) екіншісінде Конституциялық Сот жазаны орындау мекемелерінде өзіне қасақана зақым келтіргені үшін жауапкершілік туралы нормаға Конституцияға сәйкес түсіндірме берді.

Форумға қатысушылар оң мінез-құлықты ынталандыруға бағытталған және сотталғандардың, оның ішінде өмір бойы жазасын өтеп жатқан адамдардың әлеуметтік реинтеграциясына ықпал ететін шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтына ерекше назар аударды.