Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері «De jure → De Facto. Заңнан тәжірибеге дейін» атты конференцияға қатысты

Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері «De jure → De Facto. Заңнан тәжірибеге дейін» атты конференцияға қатысты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

«De Facto» заң кеңсесі ұйымдастырған диалог алаңы Жоғарғы және кассациялық соттардың судьяларын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, адвокаттарды, заң консультанттары мен нотариустарды біріктірді.

Конституциялық Сот Аппаратының талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімінің талдаушысы Денис Финк өз сөзінде Конституциялық Соттың №43-НҚ және №45-НҚ нормативтік қаулыларында баяндалған құқықтық ұстанымдары туралы айтты. Атап айтқанда, азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы, білікті заң көмегін алу мүмкіндігі, олардың мүдделеріне қатысты ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуі, сондай-ақ адвокаттардың кәсіби қызметінде адамгершілік қағидаттарын қатаң сақтау маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды.

Баяндама конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Сөз соңында пікірталас өтіп, спикер келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, көтерілген тақырыптар бойынша жан-жақты түсіндірме берді.