Конституциялық Соттың Төрағасы Францияның Адам құқықтары жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша Елшісімен кездесті

Конституциялық Соттың Төрағасы Францияның Адам құқықтары жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша Елшісімен кездесті

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Франция Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі Изабель Роммен кездесті. Кездесуге Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге қатысты.

Эльвира Азимова Елшіні Қазақстан Конституциялық Сотының құқықтық мәртебесі мен қызметімен таныстырып, 2022 жылғы конституциялық реформа аясында елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар туралы баяндады. Ол конституциялық бақылауды кеңейту, азаматтар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге заңдардың Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы жүгіну құқығын беру 2022 жылғы конституциялық реформаның гуманистік және құқық қорғау бағытын айқындайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын құқықтық қорғауды және Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін растады.