Конституциялық Сот 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер мен ерлерге әкімшілік қамаққа алуға тыйым салудағы айырмашылықтардың Конституцияға сәйкестігін тексереді

Конституциялық Сот 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер мен ерлерге әкімшілік қамаққа алуға тыйым салудағы айырмашылықтардың Конституцияға сәйкестігін тексереді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау жөніндегі азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Аталған нормаға сәйкес әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.

Өтініш берушінің пікірінше, он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ғана әкімшілік қамаққа алуды қолдануға тыйым салатын даулы норма Конституцияның 14-бабына қайшы келеді, өйткені бұл гендерлік белгі бойынша кемсітушілікке әкеледі және он төрт жасқа дейінгі балалары бар ерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзады.

Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады.