Конституциялық Сот тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібінің Конституцияға сәйкестігін тексереді

Конституциялық Сот тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібінің Конституцияға сәйкестігін тексереді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 56-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Нормаға сәйкес тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.

Өтініш берушінің пікірінше, дауланып отырған норма «сотта әркімнің тыңдауға құқығы бар» конституциялық қағидасына қайшы келеді. Оның пайымдауынша, судьялар кез-келген заңды қолданған кезде осы қағидатты басшылыққа алуға және оны жүзеге асыруға жәрдемдесуге міндетті. Оның пікірінше, бұл қағида тек сот отырысын өткізу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Тексеру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.