
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сот азаматтың өтініші бойынша:
Өтініштің мән-жайы
Конституциялық Сотқа жоғарыда аталған нормалар негізінде қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылған азамат өтінішпен жүгінді. Оның пікірінше, бұл нормалар нақты айқындалмаған, олардың мазмұны кеңейте және екіұшты түсіндіруге мүмкіндік береді, соның салдарынан кәсіпкерлік қызмет ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған әрекеттермен теңестірілуіне әкеп соғады. Бұл ретте ұйымдасқан қылмыстық топқа тән қылмыстық ниет, уәж бен мақсаттың болмауы ескерілмей қалады.
Конституциялық Соттың ұстанымы
Өтінішті қарау қорытындылары бойынша Конституциялық Сот:
Конституциялық Сот ҚК-нің 262-бабы ұйымдасқан қылмыстық күреске бағытталғанын және оны тек ҚК-де белгіленген қылмыстық құқықбұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтарының жиынтығы болған жағдайда ғана қолдануға жол берілетінін атап өтті. Мұндай көзқарас Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтық анықтық және құқықтың үстемдігі қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге сәйкес келеді.
ҚК-нің 245-бабының үшінші бөлігіне қатысты Конституциялық Сот бұл норманың салық төлеуден қасақана жалтарудың, әсіресе, мұндай әрекеттер алдын ала сөз байласу және қатысушылық түрінде жүзеге асырылған жағдайларда жолын кесуге бағытталғанын атап өтті.
Конституциялық Соттың ЖС НҚ-ның 11 және 13-тармақтарында қамтылған түсіндірмелер Жоғарғы Соттың құзыреті шегінде берілген және Конституцияға қайшы келмейді деп санайды.
Сонымен қатар, өз шешімінде Конституциялық Сот шаруашылық жүргізуші субъектілерді қылмыстық топ деп тану кезінде формалды көзқарасқа жол берілу ықтималдығына назар аударды. ҚК-нің 262-бабында көзделген белгілер мен ЖС НҚ-ның 11 және 13-тармақтарындағы түсіндіруінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып жүрген, қылмыстық ниеті жоқ коммерциялық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне қатысты негізсіз қылмыстық қудалау қаупін тудыруы мүмкін деп атады.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі
Конституциялық Сот:
Конституциялық Сот құқықтық айқындықты қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің заңды мүдделерін қорғау және конституциялық кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық нормалар мен сот органдарының түсіндірмелерін нақтылау қажеттілігін атап өтті.
КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/861403?lang=kk