Еуразиялық конституциялық бақылау органдарының қауымдастығы (EACRB) 1997 жылы жалпыға бірдей танылған конституциялық құндылықтарды ілгерілету, тұрақты диалогты қолдау және қатысушы елдердің конституцияларының үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында құрылды. (Бұрын – Жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдарының конференциясы).
Қазақстан Республикасының конституциялық бақылау органы 2017 жылдан бастап Конституциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығына төрағалық етеді. Қауымдастықтың «Конституциялық сот төрелігі» атты мерзімді басылымы – Хабаршысы бар, оның редакциялық кеңесінің құрамына Қауымдастықтың барлық мүшелерінің өкілдері кіреді.
Қауымдастық құрамына 9 елдің конституциялық соттары кіреді: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.
Сайт: https://eacrb.org/