Конституциялық сот төрелігі жөніндегі бүкіләлемдік конференция (КСӘБК) жаһандық деңгейде соттар арасындағы диалогты дамытуға ықпал ете отырып, конституциялық сот төрелігін демократияның, адам құқықтарын қорғаудың және құқық үстемдігінің негізгі элементі ретінде ілгерілетеді.
Қазақстан Республикасының конституциялық бақылау органы ұйыммен ресми өзара іс-қимылды 2009 жылы I Дүниежүзілік конгреске шақырылған қатысушы және байқаушы ретінде бастады, ал 2013 жылы КСӘДК құрамына ресми түрде кіріп, толыққанды мүше мәртебесіне ие болды. Мүшелікке ие болған сәттен бастап Қазақстан өкілдері конференцияның конгрестері мен басқарушы органдарының отырыстарына тұрақты негізде қатысып келеді.
Мүше елдер: Африка, Америка, Азия, Австралия/Океания және Еуропа елдерінің 125 конституциялық бақылау органын (конституциялық соттар, кеңестер және жоғарғы соттар) біріктіреді.
Сайт: https://www.coe.int/en/web/venice-commission/wccj
Жарғы: https://www.coe.int/en/web/venice-commission/mandate-and-founding-documents