Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының
конкурстық комиссиясы отырысының
2025 жылғы 17 қаңтардағы № 2 хаттамасынан үзінді
Ішкі конкурс қорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының конкурстық комиссиясы отырысының ШЕШІМІ:
Конкурстық комиссия шешім қабылдады:
- Кандидаттардың болмауына байланысты «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі редакциялық-баспа жұмысы секторының меңгерушісі, В-3 санаты
(«В» функционалдық блогы, №6-4-5-1 индексі, 1 бірлік), Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Баспасөз қызметінің бас консультанты, В-4 санаты («В» функционалдық блогы, №6-6-3 индексі, 1 бірлік), Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі халықаралық ынтымақтастық және хаттама секторының бас сарапшысы, В-5 санаты («В» функционалдық блогы, №6-4-4-3 индексі, 1 бірлік) лауазымдары бойынша конкурс өтпеді деп танылсын.
- Әкімшілік бөлімге Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында конкурстық комиссияның шешімін белгіленген мерзімде орналастыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.