Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Судьялардың алдын ала зерделеуі

48-бап. Конституциялық Сот судьясының (судьяларының) өтінішті алдын ала зерделеуі

Ескерту. 48-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

  1. Төраға белгіленген талаптарға сай келетін өтінішті алдын ала зерделеу үшін бір немесе бірнеше судьяға береді.

Алдын ала зерделеу шеңберінде Конституциялық Сот судьясы өтініштің мәніне, негіздеріне және талаптарына жататын қосымша құжаттар мен анықтамалық ақпаратты талап етуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың уәкілетті өкілдеріне алдын ала сұрау жүргізуге құқылы. Көрсетілген әрекеттер баяндамашы судьяның ұйғарымы негізінде жүргізіледі.

Алдын ала зерделеу нәтижелері Конституциялық Соттың отырысында баяндалады. Баяндаманы қарау нәтижелері бойынша Конституциялық Соттың өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қаулысы қабылданады.

  1. Өтініш конституциялық іс жүргізуге қабылданған жағдайда, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің не олардың жекелеген ережелерінің конституциялылығын тексеру жөнінде басталған іс жүргізу туралы тиісті белгі жасалады.
  2. Егер:

1) өтініш осы Конституциялық заңда белгіленген өтініш нысаны мен мазмұнына, оларға жол берілу шарттарына сәйкес келмесе немесе тиісті субъектіден туындамаса;

2) өтініштің нысанасы Конституциялық Соттың құзыретіне кірмесе;

3) өтініште көрсетілген мәселенің конституциялылығын осыған дейін Конституциялық Сот тексеріп қойған болса және кейіннен шешім қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясының немесе өзге де құқықтық актілердің нормалары өзгертілмеген жағдайда, заңды күшін сақтайтын Конституциялық Соттың шешімі болса;

4) өтініште көрсетілген мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында шешімін таппаса;

5) тиісті құқықтық қатынастарға қолданылуы жалғастырылатын жағдайларды қоспағанда, конституциялылығына дау айтылып жатқан акт тоқтатылса немесе күші жойылса, өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылады.

  1. Конституциялық Сот қабылдаған шешім туралы конституциялық іс жүргізуге қатысушылар бес жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.
  2. Конституциялық Сот өтініштің іс жүргізуге қабылданғаны туралы уәкілетті органдар мен тұлғаларды хабардар етеді, олар, егер тексерілетін нормативтік құқықтық актінің, оның негізінде қабылданған құқықтық актілердің қолданылуы немесе орындалуы адамның құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің мүмкін болмауына немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарға алып келуі ықтимал болса, Конституциялық Сот қорытынды шешім қабылдағанға дейін олардың қолданылуын, орындалуын тоқтата тұру туралы мәселені қарауға тиіс.

Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 305-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы